10 қаңтарда түнде және таңертең Маңғыстау облысының басым бөлігінде көктайғақ болады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Түнде облыстың батысында, шығысында бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, түнде облыстың батысында, шығысында кей уақыттарда 23 м/с жетеді, деп хабарлады Қазгидромет.
Ал Ақтау қаласында ертең көктайғақ, түнде бұрқасын болу қаупі бар. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.