2020 жылдың қараша айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы" Жарлыққа қол қойды. Өңірде құрылған комиссия тек Қазақстандағы ғана емес, шетелдегі мұрағаттарға барып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстауда құрылған комиссия құрамына мұрағат қызметкерлері, өлкетанушылар, тарихшылар, университет оқытушылары, заңгерлер мен жазушылар, журналистер және араб тілін зерттеуші мамандар енді. Үш жыл ішінде олар Маңңғыстау мемлекеттік мұрағатындағы құжаттарды зерттеді, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында болды, ҰҚК архиві мен Ұлттық мұражайда, Президент мұрағаттарын қарады. 2,5 мыңнан астам іс қаралып, 450 мың бет зерттелген.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша көтерілістерге қатысқан 156 адам, 1055 босқын, ұжымдастырудың 17 құрбаны, 404 әскери тұтқын, 21 дін өкілі толық ақтауға ұсынылған. Қазіргі уақытта толық ақтауға дайындап жатқан тізімде 5652 адам бар. Әзірге олар бойынша тек сараптама жүргізілуде.
Бүгінде жұмыс тобының мүшелері Маңғыстаудағы қуғын-сүргін тарихына қатысты құжаттар табылған Ташкент қаласында сапарда жүр. Соның бірі - Маңғыстаудан шыққан көтерілісшілерге қарсы шайқастарға қатысқан әскери ұшқыштардың естеліктері.
Қазір комиссия Түркіменстанның сыртқы істер министрлігінен мұрағатына жіберу жөнінде шешімін күтуде. Жұмыс тобы қуғын-сүргінге ұшыраған маңғыстаулықтардың ұрпақтары тұратын Саратов, Волгоград, Орынбор облыстарына баруды жоспарлап отыр.
"Өткен жылы Маңғыстауда Адай көтерілісі ошақтарының картасы таныстырылды. Оны құрастыруға бірнеше өлкетанушы қатысты. Картаның өлшемі 180 см-ден 250 см-ге дейін. оған көтеріліс ошақтары, көтерілісшілер мен жазалаушы отрядтардың маршруттары, көтерілісшілер басшыларының есімдері жазылған. Картаға Мемлекеттік комиссияның арнайы QR-коды алынды, қазір интерактивті картаны енгізу жұмыстары жүргізілуде. Бұл қолда бар деректерді толықтыруға мүмкіндік бермек", – дейді саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері жөніндегі жұмыс бөлімінің басшысы Арман Нұрғазиев.
30 жыл ішінде Маңғыстау өңіріндегі саяси қуғын-сүргінге арналған 30 кітап жарық көрді. Биыл кітапханалар тағы екі кітаппен толықтырылды. Біріншісі - Маңғыстау облыстық мемлекеттік мұрағатында сақталған 1920-1930 жылдардағы істер бойынша құжаттар жинағы. Жинаққа енгізілген құжаттардың сексен пайызы араб тілінен кириллицаға аударылған.
"Бұл жерде өлкеге танымал аудармашылар Нияз Тобыш пен Нұрлан Құлбаевтың орасан зор еңбегін атап өту қажет. Жинаққа сол кезеңдегі аймақтың әлеуметтік-саяси жағдайын көрсететін мұрағаттық құжаттар енгізілген. Бұған бұрын жарияланбаған тарихи маңызды құжаттар, мысалы, ауылдық кеңестердің хаттамалары, шаруалардың тізімдері мен айыптаулары, салық үзінділері, сайлау құқығынан айырылғандардың тізімдері кіреді. Екінші жинақта кейінгі кезеңдегі саяси қуғын-сүргінге арналған 37 тарихи-танымдық мақала жинақталған", - деп атап өтті Арман Нұрғазиев.
Екі жыл ішінде комиссияның 14 отырысы өткізілген. Топтардың бірі жалпы Маңғыстау өңіріндегі саяси қуғын-сүргін туралы зерттеу қорытындылары бойынша ғылыми сараптама дайындайды. Екінші топ көтерілістер бойынша жұмыс істейді. Депортация мәселелеріне келетін болсақ, Маңғыстауға бірде-бір адам күштеп қоныс аударылмағаны белгілі болды.
"Бұл облыста жер аударылған халықтардың ұрпақтары жоқ дегенді білдірмейді, бірақ олардың барлығы 60-шы жылдары келген. Аймақты тастап кеткендерге келетін болсақ, қазірдің өзінде 1900 адамнан тұратын тізім жасалды. Мүлікті тәркілеу Маңғыстауда 1930 жылы басталғаны белгілі. 1928 жылы мұнда 1,7 млн бас, 1929 жылы 318 мың бас, ал 1932 жылы 17 мың бас мал болған. Ұжымдастыру бойынша 478-ден астам іс тергелуде. 1939-1950 жылдардағы әскери тұтқындар бойынша да жұмыс істейтін топ бар. 786 ақталмағандардың тізімі анықталды", - дейді Арман Нұрғазиев.
Ақтөбе облысына іссапар кезінде жазықсыз зардап шеккен азаматтардың жерленген жерлері анықталған, ал Атырау облысында қуғын-сүргінге ұшырағандар жерленген 11 қабір табылған. Жұмыс әлеуметтік желілерде де жүргізілген, ұрпақтары туыстарын іздеп көмек сұраған 100 ден астам өтініш жиналған.