Облыстық перинатальдық орталығының неанотологтары 590.0 грамм салмақпен туған сәбиді 2585,0 гр дейін жеткізіп, үйіне шығарды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Сәуір айында Мұнайлы ауданының түрғыны Сұлушаш.Т жүктіліктің 23-аптасында салмағы 590,0 грамм, бойы - 28 см нәрестені дүниеге әкелген. Яғни, сәби экстремалды өте төмен дене салмағымен туылды.
- Орталықтағы неанотологтар мен мамандардың кәсіби шеберлілігі, ерекше күтімі және анасының шексіз махаббаты арқасында нәрестенің денсаулығы жақсарды. Осылайша, 102 тәулікте сәбидің салмағы 2585,0 гр, бойы -43 см болып үйіне шығарылды, - делінген хабарламада.
Өз кезегінде сәбидің анасы медицина қызметкерлеріне, әсіресе нәрестелер реанимациясы және қарқынды терапия бөлімшесінің дәрігерлері Әлия Тасирова, Римма Рахмет, Данагүл Даулбаеваға және сәбилерді жетілдірудің 2-ші сатысы бөлімінің меңгерушісі Гүлзада Сарбалаевға ризашылығын білдірді.