Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті хабардар етті. Маңғыстауда “Тасымалдаушы” жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты
22-25 қаңтар күндері Маңғыстау облысында “Тасымалдаушы” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында жергілікті полиция қызметі басқармасы қызметкерлері және патрульдік полиция батальоны инспекторларымен қоғамдық көлік құралдарының техникалық жай-күйі тексеріліп, жылу құрылғыларына, жүргізушілердің рейс алдында медициналық тексерістен өтуіне ерекше назар аударылды.
Шараның басты мақсаты — жолаушылар қауіпсіздігі және құқық бұзушылықтардың алдын алу.
4 күнге жалғасқан іс-шара қорытындысында қоғамдық көлік құралдарының иелеріне барлығы 300 әкімшілік хаттамалар жасақталды. Оның ішінде, ҚР ӘҚБтК-тің 463-бабымен 3 дерек, ал 590-баппен 46 құқық бұзушылық тіркелген.
- Айыптұраққа 19 автобус жабылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзған 14 жүргізуші жауапқа тартылды,- делінген хабарламада.