Жетібай ауруханасы хирургия бөлімшесі меңгерушісі Ж.Хасанның мәлімдеуінше 20 жастағы жігіт 30 жерден, 14 жастағы қыз бала 18 жерден пышақ жарақатын алған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Ағалы – қарындастың жағдайы бүгін де орташа ауырлықта»,- деді дәрігер.
Ауыл тұрғындарының айтуы бойынша, балалардың анасы сол күні вахталық жұмыста болған, ал әжесі аудан орталығындағы оңалту орталығында ем қабылдап жатқан.
Еске сала кетейік, 23 қаңтар күні Жетібай ауылының тұрғыны көрші тұратын 20 жастағы жігіт пен 14 жастағы қызды пышақтап, қыз баланы зорламақ болған еді.
Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.