Шілде айында «Ақтау Петролеум LTD» ЖШС жұмыскерлерінің мамыр және маусым жалақыларын және жұмыстан шыққан жұмыскерлердің пайдаланылмаған еңбек демалысының өтемақысын төлемегендігі жөнінде ұжымдық арызы түскен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
“Аталған арыз бойынша, 13 783 012 теңге көлеміндегі жалақы бойынша берешекті анықтап, «Ақтау Петролеум LTD.» ЖШС басшылығына 18.08.2023 жылға дейін төлеу туралы Нұсқама енгізіліп, заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде, көрсетілген уақытта «Ақтау Петролеум LTD.» ЖШС басшылығы барлық жұмыскерлерге жалақыларын толықтай төледі”, делінген Маңғыстау облысының еңбек инспекциясы басқармасы хабарламасында.