«Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде Алаш қозғалысының 105 жылдығы және А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Алаш арыстары» атты көрменің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Іс-шараға Жаңаөзен қалалық «Мұнайшы» мәдениет үйінің жанынан құрылған «Алтын дария» халықтық әжелер ансамбілі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, шежіреші, ақын Қаржаубай Рейімбайұлы, ҚР мәдениет саласының үздігі, Ақтау қаласы мен Маңғыстау ауданының құрметті азаматы Данияр Аралбаев, Отпан ауылдық округының әкімі Беркін Қалдығұлов, т.б. қатысты.
Жаңа көрмені аталған кешеннің бөлім меңгерушусі Ж.Айдарбек таныстырып, алаш азаматтарының қандай азап пен тозақтың ортасында жүріп, жанкештілікпен ел үшін еңбек еткенін баяндап берді.
Көрмеден соң М.Шоманова бастаған «Алтын дария» халықтық әжелер ансамблінің театрлық қойылымы көрсетілді.