14 желтоқсан күні сағат 03.55-те 17 шағын аудандағы "Loto Club" лотерея клубының жертөлесінде монша өртенді. Нәтижесінде термиялық күйікпен 1 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыстық аурухана дәрігерлерінің мәліметінше, ер адамның дене бетін 90%-ын күйік шалған, реанимацияда өте ауыр жағдайда жатыр, ӨЖЖ аппаратына қосылған. Ауруханаға жатқызу кезінде зардап шеккен ер адамның құжаттары болмаған. Сондықтан жеке тұлға әлі анықталмай жатыр.
Сондай-ақ, өрт кезінде ТЖД қызметкерлері баспалдақ маршымен 15 адамды эвакуациялап, автосатаның көмегімен тағы үш адамды құтқарды.
Өрт сағат 04-55-те жойылды. Өрттің себебі анықталып жатыр.