Маңғыстау облысында жол қозғалысын қадағалауды күшейту, жол қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтарынан жалтарып жүрген борышкерлерден айыппұлдарды өндіру мақсатында 12-19 қыркүйек аралығында “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық ПД сілтеме жасап.
Аталған іс-шара аясында борышкерлер тізімі жасалып, әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, рейд жүргізуде.