Ақтаулық шахматшы Эдгар Мамедов Азия чемпионатында Маңғыстау тарихында алғаш рет ұлдар арасындағы алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Азия чемпионатында жылдам шахматтан жеңімпаз атанған Эдгар жарыстың соңғы күнінде классикалық шахматтан күміс жүлдені еншілеп, екі нәтижені тіркеді.
Еске сала кетейік, Эдгар Мамедов «14 жасқа дейінгі ұлдар» санатында өнер көрсетіп, 55 қарсыласты басып озды.
Жарыс 14-21 желтоқсан аралығында өтті. Бұл сайысқа БАӘ мен 40 елдің өкілдері жиналды.
13 жасында Эдгар Мамедов Қазақстанның он дүркін чемпионы, Әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері және Азия чемпионаттарының екі дүркін қола жүлдегері атағын жеңіп алды.
Эдгардың жетістіктерінде Қазақстан шахмат федерациясының, Маңғыстау шахмат федерациясының және Маңғыстау облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының рөлі айрықша.
Жақын арада Эдгар Мамедов халықаралық дәрежедегі шебер атағын және жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының «алтынын» қоржынға салады деген үміт бар.