Прокурорлармен алимент төлемегені үшін облыс бойынша әкімшілік жауаптылыққа 65 жергілікті тұрғын және 18 тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Талдау барысында 1,4 млн. теңге берешегі бола тұра табыс көзін жасырып, алимент төлеуден бірнеше жыл бойы жалтарып жүрген «Н» есімді азамат анықталды. Әкімшілік сотпен азамат «Н» әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодектің 669-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп табылып, 2 тәулікке қамаққа алынды.
Сонымен қатар прокурорлар 3 әкенің баласымен ата-аналық міндеттерін тиісті түрде орындамай, алимент төлеуден жалтару фактісін анықтады. Көрсетілген тұлға тұрақты табыс көзінің болуына қарамастан 3,3 млн.теңге алимент берешегін төлеуден жалтарып жүрген.
Қалалық сотпен «Ф» есімді азамат Қылмыстық кодекстің 139-бабымен кінәлі деп табылып, оған қатысты 100 сағат қоғамдық жұмыс және 1 жыл бас бостандығынан шектеу туралы үкім шығарылды.
Бұдан бөлек алимент төлеуден жалтарып жүрген 17 тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Прокуратура бұдан бұрын бірнеше рет алимент төлемеудің құқықтық салдары туралы ескерткен және азаматтарды өздерінің ата-аналық міндеттеріне адал қарауға шақырады.
Бүгінгі таңда облыс прокуратурасымен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіру бағытында белсенді жұмыстар атқарылуда.