Көлік жүргізушілері Атамекен ауылының жолында жүру мүмкін емес екенін айтып, шағымданды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Темір тұлпар тізгіндеген ауыл тұрғындары ауыл әкімдігі мен 7-мектеп алдындағы жолдың әбден тозғанын айтады.
- Мұнда асфальт төселгеннен соң ешқашан жөндеу көрмеген. Көлікпен жүру мүмкін емес. Қашан жөнделеді?, - дейді ауыл тұрғыны.
Айта кетейік бұдан бұрын дәл осы жолда бірнеше көліктің дөңгелегі жарылып, көлік бөлшектеріне зақым келген еді.
- Жақын күндері автокөлік жолдарын күтіп ұстау қызметінің есебінен асфальт жабындысы бар көлік жолдарының ой-шұңқырларын тегістеу, жөндеп, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймын, - деді
Атамекен ауылдық округінің әкімі Ерлан Қайнаров.
Махаббат Нұржанқызы