Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев Каспийде серфингпен жүрген спортшы туралы бейнежазба жариялады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қатты жел кезінде туған биік толқындардан сырғанаған шетелдік азамат түрлі қимылдар жасап, әдемі көрініс көрсетті.
Шомылу маумысы кезінде Каспийде түрлі су көліктері жүретіні көпшілікке белгілі. Ал серфинг спортымен айналысушылар бұған дейін кездеспеген.
Аталған спорт түрі Үнді және Атлант мұхиты елдерінде кең таралған. Ал елімізде дамыту жағы әзірге қолға алынбай келеді. Ақтауға келген шетелдік азаматтың теңіздегі қадамы ақтаулықтар үшін өте таңсық нәрсе болып отыр.
Заңғар АМАНКЕЛДІ