Қаражанбастың І вахта жұмысшылары философия ғылымдарын зерттеуші, танымал теолог, жазушы, «Кемел Адам» бестселлерінің авторы Қайрат Жолдыбайұлымен кездесті. Жүздесуде эмоциялық интеллект тақырыбы кеңінен талқыланып, қарым-қатынас принциптері туралы мол ақпарат айтылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қаражанбасмұнай баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қайрат Жолдыбайұлы қарым-қатынас кезінде жағымсыз эмоцияны байсалдылықпен басқарып, ақпаратты дұрыс қабылдау мен талдау, негативті позитивке айналдырудың артықшылықтарымен бөліскен. Бұдан бөлек қаражанбастықтарға тұлғалық даму тақырыбы бойынша кейстер ұсынылып, келелі кеңестер берілген.
Ашық диалог форматындағы кездесу соңында мұнайшылар Қайрат Жолдыбайұлына сұрақ қойып, еркін пікір алмасқан. Ұйымдастырушылар рухани даму бағытындағы жүздесуді орталық аппарат қызметкерлері мен келесі ауысым мұнайшыларына да өткізу жоспарланып отырғанын айтты.