Спутник 1 ай ішінде бір нүктеден кем дегенде 9 рет атқылаған метаннан пайда болған үлкен бұлттарды анықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Францияның Kayrros SAS геоаналитикалық компаниясының мәліметтерін Нидерландының SRON ғарыштық зерттеулер институтының сарапшылары растады. Метанның ағуы Шығыс Қаратұрын кенішінен орын алғаны көрсетілген.
Еске салайық, 9 маусымда Оңтүстік Қаратұрын кен орнындағы №303 барлау ұңғымасында ашық газ фонтанына айналған газ-су қоспасы шыққан кезде апат орын алған еді.