Еске сала кетейік, түлектердің ата-аналары ҰБТ тапсыруға өтініш беру үшін тест орталығының сайтына тіркелу мүмкін емес екенін айтып, шағымданды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Бүкіл Қазақстан бойынша ҰБТ тапсыруға тіркелуде мәселе бар. Есенов университетінде ҰБТ тапсыру үшін әзірге 100 орын берілген. Егер қосымша орындар болса, хабарлаймыз», - деп жауап берді облыстық білім басқармасы.
Білім басқармасы шағымданған ата-аналарға ғылым және жоғары білім министрлігіне жүгінуге кеңес беріп отыр.