16 желтоқсан - тәуелсіздік күні мерекесіне орай “AMANAT” партиясы жарнаның 20% қайтарымына бастауыш партия ұйымдары арасында волейболдан жарыс өтті.
Кіл мықтылар жиналған тартысты додаға 6 команда қатысты. Әсіресе финалға шыққан қос команда бірнеше мәрте тең түсіп 1 орынды "МаңғыстауМұнайГаз" БПҰ жеңіп алды. Үздік ойын көрсеткен "Шалқыма" БПҰ 2 орынды иеленді. "Хазар" БПҰ үздік үштікке енді.
"Қайнар" БПҰ атынан мектептің ата-аналары ерекше ойынмен көзге түссе, "OIL CONSTRUCTION COMPANY” БПҰ мен "Ақтау" БПҰ-да ойынды қыздыра түсті.
"AMANAT” партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Мұханбет Сәбенұлы сайысқа қатысқан командаларды құттықтап, медальдарын табыстады. Жеңімпаз командалар мен қатысушы командаларға қаржылай сыйлықтар берілді.