Мұнайлы ауданында ауыл әкімдігі жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тартқан соң кәсіпкер арнайы органдардың көмегіне жүгінді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz антикорға сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне кәсіпкер Басқұдық ауылдық округі әкімдігінің жердің нысаналы мақсатын өзгертуден негізсіз бас тартқанын мәлімдеді.
Кәсіпкер аталған жерден азық-түлік дүкенін ашуды жоспарлағанымен ауылдық округ әкімдігі жердің нысаналы мақсатын өзгертуден негізсіз бірнеше рет бас тартып келген. Сондай-ақ, бас тартудың дәлелді себебін ұсынбағаны белгілі болды.
Департамент ұсынымына сәйкес әкімдік жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі барлық рәсімдерді сақтағаннан кейін «Коммерциялық мақсатта пайдалану үшін нысаналы мақсатын өзгерту және жер учаскесінің бір бөлігін сату туралы» шешім шығарылды. Әкімдіктің аталған шешімі «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-да тіркелген көрінеді.