Бүгін, 27 шілдеде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті "Маңғыстау-Медиа" ЖШС қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар ұйымдастырды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Семинар барысында сыбайлас жемқорлықтың теориялық негіздері және Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асырудың маңызды аспектілері талқыланды.
Атап айтқанда, бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін бірінші басшылардың дербес жауапкершілігін енгізу, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесі, мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасыларына сыйлықтар алуға тыйым салу, сыбайлас жемқорлық субъектілерінің құрамын кеңейту және пара бергені, сондай-ақ парақорлыққа делдал болғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату туралы айтылды.
- Маңғыстау облысында мемлекеттік қызметшілерге немесе оларға теңестірілген адамдарға заңсыз сыйақы бергені, сыйлықтар бергені үшін 29 адам жазаланды. ҚР ҚК 366 және 367-баптарына сәйкес қылмыстық жауаптылық, сондай-ақ ҚР ҚК 676, 677, 678-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылық түсіндірілді. Мұнда сыйлық бергені үшін - 200 АЕК, ал сыйлық алған адамға - 600 АЕК жүктеледі. Бұдан басқа, 509-баптың Азаматтық кодексіне сәйкес сыйлық беруге тыйым салу туралы, сондай-ақ азаматтық қызметшілердің заңсыз сыйақы алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік жүктелетіні туралы түсіндірілді. ҚР ҚК 247-бабы, 120 АЕК-тен екі жылға дейін бас бостандығынан айыру мөлшерінде айыппұл салынды, - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Біржан Хайруллин.
Айта кетейік, егер сіз сыбайлас жемқорлық фактілері туралы білсеңіз, тәулік бойы байланыста болатын 1424 нөмірі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына хабарласа аласыз.