Кәсіпорын директоры Нұрлыбай Аққұлов зауытты жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Үкімет басшысына баяндады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оның айтуынша, жобаны аяқтау үшін қажетті жабдықтарды сатып алуға шамамен 5 млрд теңге қажет.
Премьер-Министр Маңғыстау облысындағы Мұнайлы, Түпқараған және Қарақия аудандарының 180 мың тұрғыны үшін бұл жобаның маңызы зор екенін атап өтті.
«Үкімет оны жақын арада аяқтау үшін қажетті қаражатты бөледі. Облыс әкімдігі тұщыландыру зауытында жаңа өндірістік қуаттарды жедел іске қосу бойынша барлық шараны қабылдауы қажет», — деді Әлихан Смайылов.
2020 жылы басталған зауытты кеңейту жұмысы қазіргі уақытта аяқталуға жақын. Жобаны іске асыру нәтижесінде «Каспийде» ауыз су беру тәулігіне 40 мың текше метрге дейін ұлғаюға тиіс, бұл өңірді сумен тұрақты түрде қамтып отыруға мүмкіндік береді.