Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Самал сайы» мәдени-тарихи нысанында тазалық жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шараға Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының өкілдері және «Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің» студенттері қатысты.
-«Самал сайында» өткен енбілікке 30-ға жуық ерікті қатысты. Табиғатты қорғау - адамзаттың борышы. Сондықтан табиғатымызды аялайық, - деді «Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің» студенті Бекзат Алдаберген.
Самал сайы шатқалы Маңғыстау ауданы, Шетпе селосынан 18 км солтүстік-батыс бағытта орналасқан. Мұндағы бұлақ суы өз ағысымен төмен барып жылғаға құйылады. Шатқалдың ұзындығы 1,5 шақырым шамасында. Бұлақ бойында сирек және реликтті емдік өсімдіктер және ағаштар өсіп тұр. Шатқал айналасында энеолит кезеңінің және е.т. дәуірінің ескерткіштері мол орналасқан. Шатқал аумағы – 6 га.