16-25 шілде аралығында Швейцарияда International Chemistry Olympiad - 2023 байқауы өтті. Білім бәйгесінде Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің биылғы оқу жылының түлегі Альмира Нурланова бақ сынап, күміс жүлде иегері атанды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Еске салайық, Альмира былтыр да Халықаралық химия олимпиадасының (ICho) күміс жүлде иегері атанған. Соның нәтижесінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 3,1 миллион теңгеге сертификат табысталды.
Жас түлек АҚШ-тағы Массачучетс технологиялық университетінде оқуға мүмкіндік алды. QS рейтингінде көш бастап тұрған MIT әлемнің ең үздік техникалық жоғары оқу орындарының бірі.
Халықаралық химия олимпиадасына 90-ға жуық ел мен аймақтардан келген 900-ден астам қатысушы, тәлімгерлер мен еріктілер қатысты.