Ақтау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Ақтау электр желілері басқармасының қызметкерлері марапатталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Құрметті энергетика саласының мамандары, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Энергетика саласы ел экономикасының күре тамыры. Тұрғындарымыздың жайлылығы - сіздердің арқаңыз. Сондықтан еңбектеріңіз еленіп, мәртебелеріңіз өсе берсін, - деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Имаммахмут Шагирбаев.
Жиын барысында «АЭЖБ» КММ қызметкерлеріне арнайы алғыс хат табысталды.