"Эко Маңғыстау" ҮЕҰ Ақтау іргесіндегі демалыс базалары аумағында (Стигл мен әскери жаттығу орталығы арасында) үш аптадан астам уақыт бойы теңізде жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Бұл орайда жағалаудан алынатын топырақты 2 шақырым қашықтықта әкетіп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аталған ұйымға сілтеме жасап.
Тасымалдау кезінде жол ластанумен қатар, оның қауіпсіздігіне кедергі келтіретіні анықталып отыр.
"Біз барлық уәкілетті мемлекеттік органдарды хабардар еттік. Жұмыстың жүргізудің қаншалықты заңдылығын, оның ішінде жағаға топырақ пен қалдықтарды төгуге рұқсат бергенін анықтау қажет", - деп жазды эколог Кирилл Осин
Редакция Маңғытау облыстық экология департаментінен аталған жағдайға байланысты түсініктеме күтеді.