Ақтау қаласына келетін шетелдік туристік жарна төлейді. Бүгін қалалық мәслихаттың сессиясында осындай шешім шығарылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтау қалалық мәслихатының шешімі 10 күннен соң қолданысқа енгізіледі.
- Шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемесі – болу құнының 1 (бір) пайызы мөлшерінде бекітілді. Мұндай туристік жарна төлеу практикасы Грузия, Чехия, Біріккен Араб Әмірліктері сынды әлемнің көптеген елінде жолға қойылған. Шетелдік туристерден алынатын ақша Ақтаудағы туризмді дамыту бағытына жұмсалмақ. Соңғы кездері өңірге келетін туристер санының көбейгенін ескерсек, қазынаға әжептеуір қаржы түсуі мүмкін, - қалалық мәслихат депутаты Гүлмира Әбішева.