Ақтаудағы 6656 әскери бөлімінде 1 мамыр - Бірлік күніне арналған "Тіл - татулық тірегі!" атты іс -шарасын өткізу аясында "Тіл-достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы" тақырыбында тақырыптық кеш өткізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Аталған іс - шараға Ақтау қаласының М. Марабаев атындағы N7 мектеп-лицейінің оқушылары мен "Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы" мемлекеттік мекемесінің тәрбиешісі қатысып, өз өнерлерін паш етті.
Әр ұлттың тілінде құттықтаулар, бірлік, ынтымақ, татулық, достық туралы нақыл сөздер мен мақал мәтелдер, музыкалық ән шашулар орындалып, бір шаңырақ астында бірлігі берік халық екендігін білдіретіндігін көрсетті.
Айта кетейік, Қазақстанның көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығын одан әрі жалғасытыратын осындай шаралар әскери бөлімде жиі өтіп тұрады.