Ақтау қаласы әкімдігі бүгін 9.00-ден бастап қала аумағында штаттық режимде ыстық су беріле бастағандығын мәлімдеді. Алайда су құбырындағы ақауларға байланысты 26 және 27 шағынаудандарда сумен жабдықтау жүйесі іске қосылмаған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
«26-шағынауданның 1,2,3,4,12,13,14,15,18,19,20,21,22,23,24 үйлері мен 27-шағынауданның 1,2,3,4,5,6,8,9,10,11,15,16,16 а,17,18,19,20,21,23,24,25,64,65,66,67,79,80,85 үйлерінде ыстық су жоқ.Мамандар су құбырындағы ақауды қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізуде. Жөндеу жұмыстарын кешкі сағат 18:00-ге дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз»,-делінген хабраламада.