Ақтауда ауыз су құбырына жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты қаланың кей шағын аудандарында су уақытша ажыратылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты «КЖСА» МКК сілтеме жасап.
6а ш/а орналасқан "Эдем" кафесінің жанындағы ауыз су құбырында жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты 1-8 ш/а және 9а ш/а, 21ш/а, 22ш/а, 23ш/а, 24ш/а, 25 ш/а, сонымен қатар төменгі аймақтарда орналасқан 14 және 15 ш/а ауыз су өшірілді.
«КЖСА» МКК хабарлауынша, ауыз су шамамен сағат 20:00-ге дейін беріледі.