Қазгидромет РМК қазан айында Ақтауға 33,3 мм жауын-шашын түскенін хабарлады. Бұл - айлық нормадан 3 есе көп, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
“Қазан айының бірінші онкүндігінде жауын-шашын болған жоқ, екінші онкүндікте тек 4 мм түсті. Ал үшінші онкүндікте жаңбыр мөлшері айтарлықтай артып, 29 мм құрады. Айлық норма - 13 мм болғандықтан, бұл айлық нормадан 3 есе көп”, деді Қазгидромет хабарламасы