Айнұр Шайморданова Ақтаудағы соқпақты жартаста болған оқыс оқиға кезінде құтқару қызметінің жедел жеткенін айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Tengri Life сайтына сілтеме жасап.
Айнұр құрбысымен бірге жартасты соқпаққа суретке түсуге келгенін айтты. Фотосессиядан соң Айнұрдың серігі балдыр басқан тастың үстінде тұрғанда аяғы тайып кетеді.
«Ол жергілікті қыз емес, тастың тайғанақ екенін білмеді. Біраз уақыттан кейін жан-жақтан полиция, жедел жәрдем, құтқарушылар келді. Құрбым қазір ауруханада, оның қолы сынған, - дейді Айнұр.