Бүгін облыс әкімдігінің телеграм-арнасында Ақтау қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинайтын жауапты мекемелердің тізімі жарияланды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Тұрғындардың өтінішінен кейін қала әкімі Ұлықбек Тналиев тізімді жариялады.
Естеріңізге сала кетейік, бірнеше айдан көлемінде қаланың кей бөліктерінде қоқыс шашылып, контейнерлер уақытылы босатылмай келеді. Мемлекеттік мекемелер бірнеше рет атап өткендей, мәселе халықтың ұйымдар алдындағы қарызында болып отыр.
- Біз контейнерлерді сатып аламыз, мәселе қоқыс шығаруда. Қалаға 8 мекеме қызмет көрсетеді, олар уақтылы шығаруды қамтамасыз етуі керек, бірақ абоненттердің төлем жасамауына байланысты материалдық-техникалық базаны жаңарта алмайды немесе қосымша қоқыс таситын көліктер сатып ала алмайды. Біз бұл мәселені шешудің жаңа нұсқаларын қарастырудамыз. Ең алдымен тұрғындар келісім-шартқа отыратын мекемені таңдау керек, содан кейін уақытылы төлем жасап, қоқыс шығаруды бақылауы тиіс,- деді Ұлықбек Тналиев.