1 қазан күні Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел құтқару жасақ күштерімен үгіт-насихат шараларын өткізу кезінде "Шора" су каналы маңында жағаға жете алмаған 4 азаматты құтқарды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
1 қазан сағат 15:19-да Ақтаудан 25 шақырым жерде орналасқан "Шора" су каналында орын алған жағдайға 2 құтқарушы мен 1 жүзу құралы жұмылдырылған.
Нәтижесінде 1987 жылы туған 2 азамат пен 1994 жылғы 2 адам құтқарылды. Олар желмен ашық теңізге 2 км қашықтықта алыстап, жағаға жете алмаған.
Құтқарылғандар медициналық көмек қажет етпеді.
- Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Су айдындарында абай болыңыздар! Теңіз қателікті кешірмейді,- деді ТЖД өкілдері.