Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының жасөспірім бөлімінде 16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне орай “Жебе болдым дер кезінде тартылған” атты патриоттық іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Кешке Ақтау қаласындағы Әуезов атындағы 20 орта мектеп, ІТ мектеп- лицей, 16 орта мектеп, 19 мектеп- лицей, Мұнайлы ауданы 2 орта мектептің жоғарғы сынып оқушылары және тұрақты оқырмандар қатысты.
Шара барысында экран арқылы Желтоқсан оқиғасы туралы бейнефильм көрсетіліп, желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбековтың өмір жолына тоқталып өтілді. Өлеңдері оқылып, жастар осы оқиға туралы өз ойларын ортаға салды.