Ақтауда «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 27-шағын аудан №40 үйдің маңына балалар ойын алаңы, воркаут және футбол алаңы, ал 28-шағын аудан №10 үйдің маңына баскетбол және волейбол алаңы салынды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биыл қалада «Халық қатысатын бюджет» аясында көп дауыс жинаған 10 жоба іске асырылуда. Жүзеге асырылып отырған жобаларда балалар ойын алаңдары, спорт алаңдары және жаяу жүргіншілер жолы(тротуарлар) қарастырылған.
- Былтыр «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 50 және одан көп дауыс жинаған он жоба анықталған болатын. Аталған жобалар биыл жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, 27-шағын аудан №40 үйдің маңына балалар ойын алаңы, воркаут және футбол алаңы, ал 28-шағын аудан №10 үйдің маңына баскетбол және волейбол алаңы салынды. Абаттандыру жұмыстары тізімге сәйкес басқа да шағын аудандарға жасалады, - деді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Ғазиз Сағынғалиев.
Сондай-ақ, қалған жобалар мына мекен-жайлар бойынша жүргізіледі:
-31А ш/а, №9 үй - балалар ойын алаңы;
-15 ш/а, №55 үй - балалар ойын алаңы;
-17 ш/а, №102 үй - балалар ойын алаңы;
-33 ш/а, №19 үй - футбол және волейбол алаңы;
-Шығыс-2, №361 үй - балалар ойын алаңы;
-20А ш/а, №17 үй - балалар ойын алаңы;
-14 ш/а, №32А үй - балалар ойын алаңы;
-15 ш/а, №69 үй - балалар ойын алаңы және жаяу жүргіншілер жолы(тротуарлар).