Ынтымақ алаңында жаңажылдық шыршаны құру және безендіру жұмыстары аяқталып қалды, ал 15-шағынаудандағы Амфитеатр алдында шырша орнату жалғасын табуда, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Естеріңізге сала кетейік, биыл жергілікті атқарушы орган жаңа жылдық шыршаны безендіруге бюджеттен қаражат жұмсамай, өткен жылдан қалған әшекейлерді пайдалануға шешім қабылдады.