Ақтауда 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күніне орай тұрғын-үй кешендерінің қабырғасына мемлекеттік ту ілінді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17-шағынаудан тұрғындары балкондарына мемлекеттік туды ілу арқылы халқымызды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.
Шара Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілді.
- 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күніне орай мемлекеттік туды өз балкондарына ілуге өтініш білдірген тұрғындарға ту тегін таратылды. Мұндай іс-шаралар жастардың бойындағы патриоттықты рухты және рәміздерімізге деген құрметті арттыруға көмектеседі. Еліміздің мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын. Көк Туымыз көгімізде желбірей берсін!, - деді Ақтау қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлмира Балғожаева.