Облыс орталығында төтенше жағдай тағы бір айға созылады. Бұл туралы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Әкімдікте табиғи төтенше жағдайды жою бойынша қабылданған шаралар айтылды. Төтенше жағдайды жариялауға Каспий теңізінің таяздануы және «МАЭК» ЖШС су алудың қиындауы себеп болды.
Қала әкімдігі мамандандырылған мекеме арқылы 2-ЖЭО су алатын каналға іргелес теңіз аймағында тереңдету жұмыстарын жүргізуді ұсынды. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Мердігер әлі анықталған жоқ.