26 тамыз күні Ақтау қаласында «KASPY CHESS» турнирі өтеді, ойын 14 ш/а 22 үйге қарама-қарсы теңіз жағалауында, сағат 15:00-де өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
– Іс-шараның басты мақсаты – облыстар мен қалалардағы шахматшылар арасында шахмат спортын насихаттау, танымалдылығын арттыру, достығын нығайту. Байқауға 18 жасқа дейінгі (2005 жылы туған және одан кіші) ұлдар мен қыздар, жастар қатыса алады. Қатысушылар саны 50 адамнан аспауы керек. Қосымша сұрақтар бойынша Роман Уразымбетовке +7 701 946 8586 телефоны арқылы хабарласыңыз,-дейді ұйымдастырушылар.