2022 жылы 28 қазанда сағат 20.21-де Ақтау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне ер адамның денесі табылғаны туралы шақыру түскен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Зорлық-зомбылық белгілері жоқ ер адамның мәйіті 6 шағын ауданның 24 үйінің жанында табылған.
- Оқиға орнына барған жедел тергеу тобы сот сарапшысының қатысуымен мәйітті қарау кезінде қандай да бір дене жарақатын таппады. Алайда, өлімнің себебін дәл анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, - делінген полиция хабарламасында.