2022 жылы 28 қазанда сағат 17:15 шамасында Ақтау қаласының өнеркәсіптік аймағының аумағында екі күдікті, 19 жастағы азаматша және 21 жастағы азамат анықталып, ұсталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Күдіктілер Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұсталған.
Жеке тінту барысында екеуінен де "мефедрон" және "жылдамдық" синтетикалық есірткі заттары бар 49 дана түйір тәркіленді. Содан кейін пәтерді тінту кезінде полицейлер пакетке оралған 4 дана синтетикалық есірткі затын тапты. Тәркіленген есірткілердің жалпы салмағы 2 кг құрайды.
- Күдіктілер өз әрекеттерін мойындады. Бұл дерек ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі бойынша Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-де тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, сот-сараптамалық зерттеу тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді, - делінген полиция хабарламасында.