Ақтау қаласына қарасты Өмірзақ елдімекенінің тұрғындарына «Тұрмыстық газ немкұрайлылыққа жол бермейді» және «Өрт қауіпсіздігін сақтау» тақырыбында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үгіт-насихатты Ақтау қаласының төтенше жағдайлар басқармасы мен қалалық тұрғын үй инпекциясының қызметкерлері бірлесе ұйымдастырды.
-Түсіндіру жұмыстары барысында Өмірзақ елдімекенін аралап, тұрғындарға қауіпсіздік ережелері жазылған қағаз таратылды. Тұрғындар өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараған жөн. Газ баллондарын арнайы мамандандырылған пунктерден ғана толтыру керек, - деді Ақтау қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Дінмұхаммед Пірімжан.
Мамандар газ құралдары мен жабдықтарын орнатуды, реттеуді, тексеруді және жөндеуді білікті мамандарға тапсыруды ескертеді. Газ баллонын желдетілетін жерде, тек тік күйде сақтауға шақырады.
-Газ баллондарын гараждарда, пәтерлерде, балкондарда сақтамаңыз. Газ құрылғыларына балаларды жақындатпаңыз және қосу ретін сақтаған жөн. Ал пәтерді жылыту үшін газ плиталарын пайдаланбаңыз. Жұмыс аяқталғаннан кейін баллон кранын жабуды, үйден шыққан кезде газ плитасын өшіріп, цилиндрдегі клапанды жауып шығыңыз, дейді мамандар.