Бір апта бұрын облыстық перинаталдық орталықта Мұнайлы ауданының тұрғыны, үш баланың анасы, салмағы 6 келі 880 грамм нәрестені дүниеге әкелді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Аурухана дәрігерлерінің айтуынша, ананың босануы жоспарға сай кесарь тілігі арқылы өткен. Бүгін анасы мен баласы үйге шығарылды.
- Биыл бірінші рет ірі салмағы бар бала дүниеге келді. Алты килограмм немесе одан да көп салмақ - өте сирек кездесетін нәрсе. Салмағы 4000 грамнан асатын балалар - ірі, ал салмағы 5000 грамнан асатын сәбилер алыптар деп аталады», - делінген перинаталдық орталық хабарламасында.