Ақтауда «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облысындағы филиалының ұйымдастыруымен «Өңірдегі туризмнің даму перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Кездесуге өңіріміздің туроператорлары мен облыстық туризм басқармасының өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел барысында өңірімізге саяхаттап келетін қонақтарға сапалы қызмет көрсетуді жақсарту үшін бірқатар сұрақтар көтерілді.
Туроператорлар өз кезегінде қызмет көрсету кезінде кездесетін мәселелерді қаузады. Жиында бірқатар сауалдар талқыланып, мәселелерді шешу жолында ұсыныстар айтылды.
Өңірлік туризм басқармасы мемлекеттік қолдау алудың бірқатар жолдарын атап өтті.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта өңірде туризм саласында табысты қызметтерді ұйымдастыруға көмектесу үшін тақырыптық тренингтер өтіп жатқаны айтылды.
«Туроператорлар жазбаша қарарда өтініштер мен ұсыныстарын жазды. Сондықтан, біз бұл тақырыпқа әлі де ораламыз. Алдағы уақытта туристерді қабылдайтын мекемелердің қызмет көрсету сапасын жақсартуға ұмтыламыз», - деді «Қазақстан Халық партиясының» Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Ранида Амержанқызы.