Жол-көлік оқиғасы 24 шілдеде болды. Сағат 23:30 шамасында 102 кезекші пультіне "Ақжайық" базарына қарама-қарсы бағдаршамның реттелетін қиылысында жол-көлік оқиғасы туралы шақыру түскен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша «Daewoo Gentra» маркалы автокөлік жүргізушісі бағдаршамның рұқсат беру сигналы бойынша солға бұрылған кезде басты жолда қарсы бағыттан келе жатқан мопедке жол бермеген.
30 жастағы мопед жүргізушісі Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта ер адам ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр.
- Зардап шегушіге бет бас сүйегінің көптеген сынығы, оң және сол жақтағы төменгі жақ сүйегінің, оң жақ жоғары жақ, оң жақ көз орбитасының, мұрын сүйектерінің сынуы, алдыңғы тістердің жұлынуы, ауыз қуысынан қан кету диагнозы қойылды. Жағдайы - ауыр, - дейді дәрігерлер.
Кінәлі жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі және 230-бөлігінің 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды.