Ақтауда жаңа оқу жылының қарсаңында мектеп жәрмеңкесі өтіп жатыр. Шара 10 қыркүйекке дейін жалғасады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz
- Жаңа оқу жылы қарсаңында тұрғындарға қаламсап пен дәптерден бастап, мектеп формасы, аяқ киім, сөмкеге дейін барлық мектеп құралы ұсынылып жатыр. Жәрмеңкеде мектепке қажеттінің барлығын таба аласыз, - дейді Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі.
Базар әкімшілігі, сауда орталығының иелері және кәсіпкерлердің ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан жәрмеңке қаланың үш сауда нүктесінде орналасқан.
Жәрмеңкелердің мекенжайы:
- Өндірістік аймақ 3, 4 ғимарат, «Waterfront» гипермаркеті (облыстық стоматологиялық орталыққа қарама-қарсы);
- 23 шағынаудан, «РусКаз» базарына кіреберіс
- 31 шағынаудан, «Мағаш» базарының (сары базар) сыртқы сауда орынның бірінші қатары.