Бұл орталықта жоғары білімді 4 жетекші дәріс береді. Солардың бірі – 15 жылға жуық еңбек өтілі бар, Украинаның спорт шебері атанған Анастасия Алексеева.
- Орталық 2022 жылдың наурыз айында ашылды. Бүгінде орталық шәкірті Ұлжан Абдурахман Маңғыстау облысы бойынша алғашқы спорт шебері атанып үлгерді. Сондай-ақ, 23 спортшымыз ҚР спорт шеберіне үміткер атағына ие болды. Жақында ғана Бакудегі халықаралық турнирден жүлделі орындармен оралдық. Біздің қатысушыларымыздың бірі «Мисс Турнира» атанып, басына тәж киді. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, - деді Анастасия Алексеева.
Жаттықтырушының айтуынша, орталыққа 200-ден астам гимнасшы қатысады. Олар қажырлы еңбек етіп, күнделікті қайсарлық пен шыдамдылық танытады. Сонымен қатар, бапкер қатысушылардан сабақты да қатар алып жүруін талап етеді. Өйткені білімді спортшы, әрдайым алаңда да керемет өнер көрсетеді.
Айта кетейік, 11-17 қаңтар аралығында ғана жазылған жандар «Көркем гимнастика» орталығына тегін қатыса алады. Толық ақпаратты 8708 691 78 00 номеріне байланысып білуге болады.