Кеше Ақтауда 33 шағынаудан 21 мекенжайында он екі қабаттық үйдің үшінші қабатындағы үш бөлмелі пәтерде өрт шықты. Оқиға сағат 23:11 шамасында болған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ТЖД сілтеме жасап.
Пәтерде ас бөлмесі өртенген, жалын 30 шаршы метрді шарпыған. ТЖД күштері сегіз адамды эвакуациялады, оның ішінде 4 бала бар. Өрт орнынан 1966 жылы туған азамат құтқарылды (мас күйінде). Өрт 23-38-де сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінен 13 қызметкер және 4 бірлік техника, Апаттар медицинасы орталығынан (3 қызметкер және 1 техника) және ПД (3 қызметкер және 1 техника) барды.