31 жастағы ер адам автокөлік салонынан ұялы телефонды ұрлап, жәбірленушіге 580 мың теңге көлемінде зиян келтірді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Күдіктіні Ақтау қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұстап алып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпараттар жария етілмейді, - деді ПД хабарламасында.