Бұл туралы электрмен жабдықтаудың авариялық-диспетчерлік қызметі кәсіпорны мәлім етті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Компания электр ажыратылуы уақытша болатынын және жоспарланған жұмыстарға байланысты жүргізіліп жатқанын айтты.
Мәселен, 27 наурызда сағат 9.00-ден 12.30-ға дейін 27-шағын аудандағы 1,2, 8, 10, 11, 76б тұрғын үйлерінде электр жарығын беру шектеледі.
Сол шағын ауданда сағат 13.30-дан 17.30-ға дейін 43, 35, 32д, 33а, 44, 32 үйлерде электр жарығы өшіріледі.