«Каспий жылу, су арнасы» МКК-ның мәліметінше, әзірге ыстық суды беру кейінге қалдырылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«ГКП ҚЖСА магистральдық және қалаішілік жылу желілерін, сондай-ақ «МАЭК» ЖШС-нің қалаға дейінгі магистральдық жылу желілерін бірлесіп жөндеу жұмыстарына байланысты қалаға ыстық су беруді тоқтату 01 шілдеден 01 тамызға дейін жалғасады. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген мекеменің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.